Қоғам • 23 Наурыз, 2020

«Ел арна» және «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған қосымша видео сабақтар көрсетіледі

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ел арна» және  «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған қосымша видео сабақтар көрсетілетінін айтты.

«Ел арна» және «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған қосымша видео сабақтар көрсетіледі

«6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру механизмдерін пысықтауда. Бұл жөнінде барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзіретінде», деді Дәурен Абаев.

Осы орайда министр «Ел арна» және  «Балапан» телеарналарынан оқушыларға арналған қосымша видео сабақтар көрсетілетінін айтты.

«Бұл негізгі емес, қосымша шара. Оны Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар «Балапан» арнасынан қазақ тілінде көрсетілсе, ал «Ел арнадан» орыс тілінде көрсетіледі», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Мақсаты – Марсты зерттеу

Білім • Бүгін, 08:35

Қара шоколадтың құдіреті

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Ауылдан ашылған «ақылды» ферма

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

Кактус – табиғи сүзгі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20